Қоғам • 29 Ақпан, 2024

Абай тұжырымдамасы талданған күн

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назарбаев университе­тін­де «Абай тағылымы: «Толық адам» және Әділет» атты семинар-тренинг өтті. Та­­ғы­­­­лымды іс-шараның тіз­гі­­нін осы оқу орны ұлт­тық мә­дени орталығы­­­ның дирек­торы, профессор Гүлтас Құрман­бай ұстады.

Абай тұжырымдамасы талданған күн

Назарбаев университеті – елі­міз­дегі тарихы жөнінен ең жас әрі халықаралық жоғары оқу ор­ны. Әлемнің ең үздік ғалым­да­­рынан, оқытушы-профес­сор­ла­­рынан  білім алып жатқан сту­­­денттер университетте жүріп-ақ ғылыми жаңалықтар ашып, тыр­нақалды еңбектерін  халық­ара­­лық  ғылыми басылымдарда жа­риялап  жүр. Әлемдік дең­гей­дегі білім алған университет түлек­тері ертең ел ісіне ара­лас­­қан­да, олардың бойында ең бас­тысы адамгершілік қасиет болуы қа­жет. Осы мақсатта На­зар­­баев уни­­верситеті тәрбие  жүйе­сін  Абай­дың «Толық адам» тұжы­рым­да­масымен жүргізуді қолға алды.

Жиын барысында Гүлтас Құр­манбай ұлы ақынның тұжы­рым­дамасын кеңінен тарқатып,  бұл қасиеттер жаңа заманда да ұлттық ұстанымға, өмірлік мақ­сат­қа айналуы қажеттігін  тілге тиек етті.

«Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүректі өлшейтін таразы – әділет. Толық адам болу үшін осы үш қасиет  жиналып, әділетке сын артуы керек», деді ол. Сонымен қатар профессор білім алушыларға ұлы ақынның шығармашылығын қалай және қай өлеңдерін оқыту керектігі жөнінде өз жобасын таныстырды.

Семинар соңында «Ұлттық құндылықтар академиясы» қо­ғам­­­дық бірлестігінің төрағасы Дүй­себек Әділхан еліміздің орта білім беру жүйесі ұлттық модернге көшірілу керектігін,  ал соның негізгі тұғыры – Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы екенін айтты.

Абай философиясының те­рең тамырларын ашып көрсет­кен жиын өз мақсатына жетті деп ойлаймыз.

 

Бекзат ҚҰЛШАР,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті