Бокс • 02 Наурыз, 2024

Жеңілмейтін боксшы екенін тағы дәлелдеді

1919 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен түні «Қазақ каролі» лақап атымен шаршы рингте шайқасатын Сұлтан Заурбек Англияда кезекті жеңісіне жетті. Ол спорттық мансабындағы жеңілістің «0» есебіндегі сандық көрсеткішін сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.

Жеңілмейтін боксшы екенін тағы дәлелдеді

Фото: sports.kz

Сұлтан Заурбек колумбиялық боксшы Виктор Хулиоға қарсы қолғап түйістірді. Сегіз раундтың қорытындысында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен отандасымыз 17-ші жеңісіне жетті. Осылайша ол жеңілмейтін спортшы екенін тағы да дәлелдеді.

Дегенмен бәсекеге таяу уақытта белгілі болған қарсыласын нокаутқа түсіре алмағаны үшін кей бокс сарапшылары Сұлтан Заурбектің өнеріне жоғары баға бере алмайтынын да мәлімдеп үлгерді. Бұл қатарда Джулиус Джулианис бар.

Айта кетейік, Сұлтан Заурбектің осы жолғы қарсыласы аргентиналық Карлос Даниэль Кордоба болуы керек еді. Ол жарақатына байланысты рингке шыға алмады.