Спорт • 02 Наурыз, 2024

UFC-дегі дебют. Бекзат Алмахан - Умар Нурмагомедов жекпе-жегін қайдан көруге болады?

1846 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде отандасымыз Бекзат Алмахан UFC аясында алғашқы жекпе-жегін UFC Vegas 87 турнирінде  ресейлік Умар Нурмагомедовке қарсы өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

UFC-дегі дебют. Бекзат Алмахан - Умар Нурмагомедов жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Бекзат Алмахан UFC алаңында алғашқы жекпе-жегінде басты бәсекеде шығатын алғашқы қазақ спортшысы атанып отыр.

Ол бұған дейін аралас жекпе-жекте 17-1 есебін тіркеген. Ал оның қарсыласы 16 жекпе-жектің барлығына жеңіспен нүкте қойған.

Ел спортшысы өнер көрсететін  UFC Vegas 87 турнирі Лас-Вегаста өтеді. Турнирдің басталу уақыты - 23:30. Ал негізгі кард шамамен 02:00-де басталады деп болжанған. 

Жекпе-жекті Қазақстан аумағында SetantaSports.com және UFC Fight Pass платформалары арқылы  тамашалауға болады.