Теннис • 04 Наурыз, 2024

Бубликке бас жүлде бұйырмады

66 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубайда өткен АТР-500 турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик табысты өнер көрсетті.

Бубликке бас жүлде бұйырмады

Жарыс барысында ол чехиялық Томаш Махач пен Иржи Легечка және нидерландтық Таллон Грикспурды ұтып, жартылай финалда ТОП-5 теннисшінің қатарындағы ресейлік Андрей Рублевпен жолықты. Олар 2,5 сағат бойы арпаласты. Алғашқы екі сетте 7:6 есебімен екеуі алма-кезек жеңіске жетті. Үшін­шісінде Бублик 6:5 есебімен алда келе жатты. Сол мезетте Рублевтің жүйкесі сыр беріп, ол төрешіні балағаттады. Сол үшін де жарыстан шеттетілді. Финалда Булик АТР тізімінде 18-орында тұрған франциялық Уго Умбермен кездесті. Бұл бәсеке қарсыласының пайдасына шешілді – 4:6, 3:6.

Ал үндістандық Анкита Райнамен жұп­тасып ойнаған Жібек Құламбаева аталған мем­лекеттің Гургаон қаласында өткен жарыс­­тың жеңімпазы атанды. Финалда олар Жак­лин Кабай Авад (Швеция) мен Юстин Микул­скитеден (Литва) басым түсті – 6:4, 6:2.