Бокс • 04 Наурыз, 2024

Жолдама үшін тартыс

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Олимпия ойын­дарының іріктеу турнирі басталды.

Жолдама үшін тартыс

Алғашқы болып рингке 51 кг салмақтағы Сәкен Бибосынов көтерілді. Кеше ол Гонконгтың өкілі Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістірді. Бүгін және алдағы күндері мына былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады: 57 кг: Махмұд Сабырхан – Ядеса Лета (Эфиопия), 63,5 кг: Мұхамедсабыр Базарбай – Доннел Филлип (Тринидад пен Тобаго), 71 кг: Асланбек Шымбергенов – Сэм Моровати (Финляндия), 80 кг: Нұрбек Оралбай – Седрик Белони-Дюльепре (Гаити) және 92 кг: Айбек Оралбай – Санжит (Үндістан).

Әйелдер жайында айтар болсақ, 50 кг салмақтағы Алуа Балқыбекованың қарсыласы Айлин Джеймс (Гватемала) мен Клаудия Тотова (Чехия) арасындағы жекпе-жектен кейін белгілі болады. Валентина Хальзованың да (75 кг) жағдайы солай. Ол түркиялық Бустра Исильдар немесе эквадорлық Инга Мальдонадоның бірімен жұдырықтасады. Ал Жайна Шекербекова (57 кг) нигериялық Шу­кура Карим, Римма Волосенко (60 кг) тринидадтық Хаднас-Сах Тианна және На­талья Богданова (66 кг) аргентиналық Соледад Бальбуэнамен шеберлік байқасады.