Спорт • 03 Наурыз, 2024

36 жүлде, 17 рекорд

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су спортынан Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның жүзушілері толағай табысқа қол жеткізді. Атап айтсақ, жерлестеріміз 20 алтын, 11 күміс және 5 қола медальді олжалады. Барлығы – 36 жүлде!

36 жүлде, 17 рекорд

Жоғарыдағы көрсеткіштің нәтижесінде Қазақстанның өрендері жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Алдымызда Жапония құра­масы. Күншығыс елінің өкіл­дері 36 алтын, 20 күміс және 15 қоланы еншіледі. Барлығы – 71 жүлде. Ал сары құрлықтың өзге алпауыттары артымыздан сығалап қалды.

Біз бұған дейін отандас­тарымыздың алғашқы күн­дердегі нәтижелерімен таныс­тырған едік. Жарыстың соңғы тәулігінде Әділбек Мусин (50 метр, баттерфляй), Ксения Иг­натова (200 метр, шалқалап жүзу), Софья Сподаренко (50 метр, баттерфляй), Егор Попов (200 метр, шалқалап жүзу), София Әбубкірова (50 метр, баттерфляй) және Максим Ска­зобцова (50 метр, баттерфляй) алтын алса, Диана Тасжанова (200 метр, шалқалап жүзу) күміспен күптелді. Арсен Қо­жахметов (200 метр, брасс) пен Даниил Черепанов (100 метр, еркін тәсіл) қолаға қол соз­ды. Бір айта кетерлігі, дү­бір­лі додада отандық жү­зу­ші­леріміз Азияның 14 және Қа­зақ­станның 3 рекордын жа­ңартты.

Жүзушілердің жарысы аяқ­талған бетте суға секірушілердің сайысы басталды. Одан кейін артистік жүзу мен су добынан бә­секелер өтеді. Азия чемпио­наты 9 наурызда өз мәресіне жетеді.