Оқиға • 04 Наурыз, 2024

Алматыда базардан өрт шықты

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда «Береке» базарының аумағы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда базардан өрт шықты

фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, «Береке» сауда базарының аумағында халық тұтынатын екі сауда бутигінде өрт шыққан.

«Өрт 06:15-те оқшауланып, 06:18-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады ТЖД.