15 Маусым, 2010

ТАУЫҚТАР ҚЫРЫЛЫП ҚАЛДЫ

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандының іргесіндегі Құрма құс фабрикасының өнді­рісі соңғы уақытта бір­шама оңа­лып келе жатқан еді. Өкі­нішке қарай, кешегі тосын оқи­ға оған зор залал келтірді. Электр қуатының алдын-ала ескертусіз кенеттен сөндірілуі салдарынан желдет­кіштердің жұмыс істеуі тоқтап, ауа қапы­рықтанып 300 мың тауық тұн­шығудан қырылып қалды. Бес сағат бойы оның неге үзіліп тасталғаны белгісіз. Қазір екі­жақ­ты кінәласуға қарағанда “Қарағанды Жарық” ЖШС фабриканың электр қуаты үшін жыл басынан бері қа­рыз­дар еке­нін алға тартса, “Аг­ро­­фир­маҚұрма” ЖШС өз тара­пынан борышкер еместігін айтады. Негізінен жұмыртқа өндіру­мен айналысатын кәсі­порын­ның келешегі енді бұлдыр күйге ұшыраған сияқты. Құс санының тең жартысынан айырылу орны толмас шығынға батырды делінуде.   Ерегіс­­тер, келіспеушіліктер заманы өткен уақытта мұндай жағ­дайдың қайтадан алдан шығуы қалай болғанда да түсініксіз. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ.