Сенат • 04 Наурыз, 2024

Бибігүл Жексенбай ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының 11-ші отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Бибігүл Жексенбай ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты

Фото: А.Байжұманов

Сенатор ғылыми-техникалық даму мен заңнамалық қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлін талқылады. Сондай-ақ «Дербес деректерді қорғау туралы» және «ТүркПА-ға мүше мемлекеттерде тұруға ықтиярхат беруді оңайлату туралы» үлгі заңдардың жобаларын түркі елдеріндегі әріптестерімен бірге қарады.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар алдағы 12-ші комиссия отырысының «ТүркПА-ға мүше мемлекеттердегі омбудсмен институттары» тақырыбындағы мәселелерінің өзектілігін талқылады.