Қоғам • 05 Наурыз, 2024

Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалды

2998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова WhatsApp желісінде өзінің атынан жалған сілтеме жіберіліп жатқанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалды

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

«Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым, ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Жалған хабарлама келсе, ашып, оқымаңыздар!», деп жазды халық әртісі.  

Желі қолданушылары мен өнер өкілдері әншіні қолдап, түрлі пікір жазып жатыр. Алаяқ оларды да ортақ чатқа қосып қойған көрінеді. 

«Қазір ғана осы топқа мені қосты. Мақпал әпкеге қандай дауыс керек деп ойлап отыр едім», деп жазды Роза Әлқожа.