Оқиға • 05 Наурыз, 2024

Ақтауда спортшы қызды зорлықпен өлтірген қылмыскер сотталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда 21 жастағы Валерия Шальнованы зорлықпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда спортшы қызды зорлықпен өлтірген қылмыскер сотталды

Фото: meta-ratings.k

Спортшы қыздың денесі өткен жылдың 2 шілдесінде табылды. Алғашында қыз өзіне қол салды деген болжам жасалған еді, алайда марқұмның туыстары бұған сенбеген.

Желіде аталмыш іске байланысты түрлі жазбалар да тарап, қоғам наразылығын тудырды. Кейін «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 13 қазан күні сотқа жолданған.

8 айға созылған тергеу әрекеттерінің нүктесі бүгін қойылды. Сот қылмыскерді 22 жылға бас бостандығынан айырды, енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот процесіне қатысқан адвокат Ажар Әбділдің айтуынша, айыпталушы қылмысын мойындаудан бас тартты.