Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2024

Елордада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астананың барлық ауданында 70-тен астам көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада 70-тен астам көпбалалы ана марапатталды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бас қаланың қөпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері салтанатты жағдайда тапсырылды.

«Аудан басшылары көпбалалы аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі, оларға жалпыадамзаттық құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге, мәдениетке деген елеулі үлесін атап өтті», делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, «Алтын алқа» жеті және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналарға беріледі. Ал «Күміс алқа» төсбелгісімен алты баланы тәрбиелеген әйелдер марапатталады.