Білім • 07 Наурыз, 2024

13 жастағы оқушы қыз 800-ге жуық кітап оқыған

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда 13 жастағы оқушы 1,5 жылда 767 кітапты оқып бітірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

13 жастағы оқушы қыз 800-ге жуық кітап оқыған

Оtyrar.kz сайтының жазуынша, Фатима Әлішерқызы бір кітапты 3-4 сағатта оқиды. Ол классика және фэнтези жанрындағы кітаптарды оқығанды жақсы көреді.

«Ең ұнатып оқитыным - Хәрри Поттер кітабы. Stepp&world баспасы жеті томның барлығын қазақ тіліне аударып шықты. Біздің мектепке де бұл кітап келді. Мен осы кітаптың бәрін сатып алып оқығанмын. Бұл кітапқа арнайы зерттеулер жасалған екен, яғни бұл кітапты оқыған оқушылар зорлық-зомбылықтың кез келген түріне шыдай алмайды», дейді ол.

5 жылда 5000 кітап оқуды мақсат еткен оқушы қыз шет тілдерді де үйренуге әуес. Ол қазір ағылшын тілін үйреніп жүр. Ол енді Хәрри Поттердің түпнұсқасын оқығысы келеді.

Фатима Әлішерқызы оқуда да озат, мектептегі іс-шараларға да белсене қатысады.