Елорда • 07 Наурыз, 2024

Астананың Тұран даңғылында қозғалыс қайта жанданды

85 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы қиылысатын аумақта магистральдық кәріз коллекторын салу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Астананың Тұран даңғылында қозғалыс қайта жанданды

Фото: gov.kz

Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы екі бағытта да ашылды.

«Бақылау камераларын орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты қалаға Ұлы дала көшесі арқылы кіретін бағыт бойынша шеткі оң жақ жолақ және Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне қарай оң жақ бойында қозғалыс шектеледі. Бірақ бұл жалпы қозғалысқа әсер етпейді, өйткені қозғалыс екі бағытта да ашық», делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кету керек, бұл жобаны іске асыру елорданың инженерлік инфрақұрылымын дамыту және тұрмыстық кәріз желілерінің тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.