Қоғам • 07 Наурыз, 2024

«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Фото: Мәдениет және ақпарат минстрлігі

Байқауға елдің барлық өңірінен 260 жоба ұсынылды. Олардың 20-сы отбасы институтын, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін қолдауға, балалар құқықтарын қорғауға, инклюзивті қоғамды, креативті индустрияларды, IT, агробизнесті және қайырымдылықты дамытуға бағытталған үздік жоба деп танылды.

Аида Балаева Мемлекет басшысы атап өткен әйелдің қоғам өміріндегі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін айта келе, байқаудың 14 жеңімпазына сыйлық табыстады.

«Ұлттық комиссия төрағасы бұл жобалар Қазақстанның дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Үздік жобалардың қатарында әйелдер кәсіпкерлігі, инклюзивті қоғамды дамыту, инновациялар, креативті индустриялар, отбасылық тәрбие, қайырымдылық жобалары бар», делінген ведомство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35