Фото: gov.kz
Ол аталған әлемдік турнирдің 1/16 финалында (71 кг) польшалық Дамиан Дуркачті жеңіп, 1/8 финалдық кезеңіне өтті.
Айта кетсек, отандасымыз бұған дейін фин боксшысы Сэм Мороватиді жеңген еді.
Боксшылар жартылай финалға шықса Париж Олимпиадасына жолдама беріледі. Ал финалдық жекпе-жек болмайды.
3 наурызда басталып, 12-сі күні мәресіне жететін аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып отыр. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.