Сенат • 08 Наурыз, 2024

Мәулен Әшімбаев: Аналарымыздың ақ тілегі жарқын күндерге жетелейді

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Аналарымыздың ақ тілегі жарқын күндерге жетелейді

Аталған құттықтау мәтінде: «Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өмірді сұлулыққа толтырып, айналаңызды үнемі әсемдікке, әдемілікке, шаттыққа бөлейсіздер.

Әйелдер қауымы – қашанда ұлттың ұйытқысы және отбасының берекесі. Сіздер қай кезеңде де даналық пен парасаттылықтың биігінен көрініп, елдің ілгері жылжуына үлкен үлес қосып келесіздер. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы еселі еңбектеріңіз де айрықша маңызға ие.

Аналарымыздың ақ тілегі мен ерік-жігері ұлттың бойына үлкен сенім ұялатып, жарқын күндерге жетелейді. Әйел азаматтардың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі де әрдайым жоғары құрметке лайық. Сондықтан бұл мерекені аяулы аналарымызға және аруларымызға деген ықылас пен ілтипаттың символы деп қабылдаймыз.

Көңілге шуақ шашатын бүгінгі мейраммен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақыт тілеймін!

Мереке құтты болсын!», делінген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35