Экология • 10 Наурыз, 2024

Магнитудасы – 4.8: Алматы маңында тағы жер сілкінді

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Магнитудасы – 4.8: Алматы маңында тағы жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.