Денсаулық • 10 Наурыз, 2024

Алматылық екі қария емшіге барамыз деп, дерттерін асқындырып алған

1146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нейрохирург дәрігерлер екі қарт әжейді сал болып қалудан құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматылық екі қария емшіге барамыз деп, дерттерін асқындырып алған

Қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдегендей, екі зейнеткер орталық қалалық клиникалық ауруханаға бірдей диагнозбен жүгінген. Яғни, жұлын каналындағы жүйке тінінің ісігі.

Науқастардың айтуынша, олар жасына және басқа да ілеспе ауруларына байланысты ота жасатуға қорқып, емшілерден шипа іздеген. Бірақ жағдайы нашарлап, дәрігерге келген.

«Отаның қиындығы — ісіктің жұлынның сыртында емес ішінде орналасуында болды. Жұлынның өзіне зақым келтіру қаупі жоғары еді. Құдайға шүкір, екі операция да сәтті өтті және әрқайсы шамамен 3,5 сағатқа созылды. Бұл оталарды жасау барысында біз өз қозғалысымызды бақылау және жұлынның сау бөліктерінің зақымдануын болдырмау үшін нейромониторлар мен нейронавигациялық жүйені қолдандық», дейді ОҚКА нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Алматов.

Отадан кейінгі кезеңде науқастар стационарда оңалтудан өтті, нәтижесінде 12 күн ішінде аяқтың неврологиялық бұзылысының регрессиясы 80%-ға дейін жетті.