Агенттік сарапшылары мемлекеттік басқарудағы жоспарланған реформалар мен экономикалық реформалар егеменді рейтингтің болжамын оңынан көрсететінін айтады.
S&P сарапшыларының пікірінше, қуат көзі мен азық-түлік бағасының жаһандық төмендеуіне қарамастан, инфляциялық қысым сақталып отыр. 2024 жылы инфляция орташа есеппен 8%-ды құрайды, ал 2026 жылға қарай Ұлттық банктің мақсатты деңгейіне сәйкес келетін 5%-ға дейін баяулайды. Агенттік сараптауынша, 2015 жылы еркін құбылмалы айырбас бағамына көшу – құбылмалылықтың сыртқы факторларына бейімделуге көмектесті. 2023 жылдың желтоқсанында долларсыздандыру деңгейі 23%-ға жетті. Тұрақты айырбас бағамы мен инфляцияның біртіндеп төмендеуі одан әрі өсудің алдын алуы керек.
Сонымен қатар S&P сарапшылары орталық банктің дербестігі мен ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банктің жаңа несие және экономиканы қолдау бағдарламаларына қатыспауға ниетті екенін жеткізді. Сарапшылар мемлекеттік шығыстардың өсуін азайтуға бағытталған бюджеттік ережелердің енгізілуін оң бағалады. Осылайша, Ұлттық қордан түсетін шығыстар мен трансферттердің өсімін азайтуға бағытталған Үкімет жоспары мемлекеттік бюджеттің тапшылығын ұстап тұруға және халықаралық резервтердің деңгейін тұрақтандыруға әсер етуге тиіс.