Өнер • 11 Наурыз, 2024

"Өзімді ойлайтын уақытым болмады": Роза Рымбаева өмірі туралы айтты

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Роза Рымбаева неліктен екінші рет шаңырақ көтермегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Өзімді ойлайтын уақытым болмады": Роза Рымбаева өмірі туралы айтты

Өнер иесі өмірі туралы журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында әңгімеледі. Оның сөзіне қарағанда, күйеуінен 43 жасында жесір қалған.

- Ол кезде бірінші сыныпта оқитын ұлым мен емізулі балам бар еді. Сондай сәтте нені ойлауым керек еді? Өзімді емес, оларды ойлауым керек болды. Балаларымның балабақшасы, мектебі, денсаулығы, оларды қажет дүниелерімен қамтамасыз етуім керек. Сондықтан өзімді ойлайтын уақытым да болмады. Әрине, көңіл білдірген ер адамдар кездесті. Десе де менің Роза Рымбаева екенімнен көптеген азаматтар именген сияқты, - дейді әнші.