Елорда • 11 Наурыз, 2024

«Жер сағаты». Астана тұрғындарына жарықты өшіру ұсынылды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 наурыз күні Астана қаласында «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара аясында қала тұрғындарына жарықты және электр энергиясын тұтынатын тұрмыстық техниканы 1 сағатқа өшіру ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.

«Жер сағаты». Астана тұрғындарына жарықты өшіру ұсынылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қалалық әкімдік дәстүрлі түрде өтетін акцияны елордалықтар әрдайым қолдайтынын айтты.

«Акция 23 наурыз күні сағат 20:30-дан 21.30-ға дейін өтеді. Қала тұрғындарын ғаламшардың болашағына бей-жай қарамай, аталған уақытта жарық пен тұрмыстық электр құралдарын өшіріп, маңызды акцияға атсалысуға шақырамыз. «Жер сағаты» – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) қамқорлығымен жыл сайын өтетін іс-шара. Акцияға  әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады. Акцияның мақсаты – планетаның табиғаты мен ресурсына жауапкершілікпен қарауға назар аударту», делінген хабарламада.

Осы уақытта елордадағы мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, ірі спорт кешендері мен бизнес орталықтарда жарық сөндіріледі. Себебі, әкімдік аталған орындар акцияны қолдап отырғанын мәлімдеді.