Қоғам • 11 Наурыз, 2024

Шри-Ланкада Қазақстанның 16 жастағы азаматы көз жұмды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланкада Қазақстанның 16 жастағы азаматы қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шри-Ланкада Қазақстанның 16 жастағы азаматы көз жұмды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың брифингте айтқанындай, 11 наурызда Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне Қазақстан азаматтары кәмелетке толмаған ұлының ауыр халде ауруханада жатқанын айтып, хабарласқан.

«Жағдайды анықтаған кезде оның 5 наурызда суға құлап кеткенін анықтадық, ол құтқарылды. Алайда, 10 наурызға дейін жасөспірім ауруханада жатты. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп бақты. Өкінішке қарай, 10 наурызда бұл жігіт қайтыс болды. Қазір туыстарына көмек көрсетіп жатырмыз. Консул марқұмның туыстары мен ата-анасымен байланыс орнатты», деді ресми өкіл.