Спорт • 12 Наурыз, 2024

Дзюдошылар Австриядағы маңызды гран-при турнирінде жүлдесіз қалды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі мәресіне жетті. Ел спортшыларының қоржыны бұл сында бос қалды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Дзюдошылар Австриядағы маңызды гран-при турнирінде жүлдесіз қалды

Фото: ҰОК

Команда сапында Қанат Сейілхан ғана жоғары нәтиже көрсетті. Ол 60 келі салмақта бесінші орынға табан тіреді. 

Қола медаль үшін өткен күресте Қанат Украина намысын қорғаған Дильшот Халматовтан ұтылды. 

Командалық есепте ел құрамасы 30-орынға табан тіреді.