Еңбек • 13 Наурыз, 2024

Enbek.kz: Ақпан айындағы ахуал

119 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақпан айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында белсенділіктің төмендегені байқалды. Мәселен, қаңтармен салыстырғанда бос жұмыс орындар саны 16,5 мыңға (-17%) азайып, 80,8 мыңды құрады, ал түйіндеме саны 77,6 мыңға (-41%) азайып, 113,6 мыңды құрады.

Enbek.kz: Ақпан айындағы ахуал

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Айлар арасындағы түйін­деме санының күрт өзгеруі бі­лік­­тілігі жоқ қызметкерлерден ұсы­ныс­тар­дың 84,8 мыңнан 37,9 мыңға дейін немесе 55%-ға айтар­лықтай тө­мендеуіне байланысты болып тұр.

Сұранысқа келсек, бос жұмыс орындары­ның 39,8 мыңы (49%) – орта білікті маман­дарға, 25,8 мыңы (32%) – жоғары білікті мамандарға арналған. Ал білікті­л­ігі төмен бос жұмыс орындарына 15,2 мың адамнан (19%) келеді.

Ақпан айында негізгі сұра­нысты білім беру ұйымдары (19,2 мың бос жұмыс орны) және басқа да қызмет түрлерін ұсынатын кәсіпорындар (10 мың бос жұмыс орны) құрап отыр. Бұл – барлық бос жұмыс орындарының үштен бірі.

Ақмола облысын қоспағанда (4%-ға өскен), барлық өңірде бос жұмыс орындарының саны қысқарған. Мәселен, ең үлкен төмен шама Түркістан (-35%), Жетісу (-34%) және Маңғыстау (-33%) облыстарында байқалады.

Сұраныспен қатар ұсыныс та осындай күйде. Түйіндеме санының азаюы барлық аймақта, әсіресе, оңтүстікте байқалды. Он­да біліктілігі жоқ жұмыс іздеу­шілердің саны айтарлықтай азайды. Мысалы, Қызылорда облысында түйіндеменің жалпы саны 20,4 мыңнан 7,4 мыңға дейін, ал Жамбыл облысында 14,1 мыңнан 7,2 мыңға дейін қысқарды.

Ақпан айында барлық түйін­деменің 50,5 мыңын (44%) – 16-35 жас аралығындағы ізденушілер, 30,2 мыңын (27%) – орта жас (35-45 жас) өкілдері, тек 10,8 мыңын (10%) зейнет жасқа дейінгі адамдар орналастырды.

Ақпан айында жұмыс беруші­лер ең жоғары жалақы мөлшерін өнеркәсіптік альпинистерге (орта есеппен 1 млн теңгеден бастап), бас құрылысшыларға (656 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (600 мың теңгеден бастап) ұсынды.