«Көп кісілер хабарласып сұрап жатқаннан кейін, ұлым туралы шығып жатқан жаңалықтарды қуана растаймын!
Санжар атасының (менің әкемнің) туған күнінде (08.03.) сүйікті қызын Лондоннан Парижге арнайы апарып, үй болу туралы ұсынысын ресми жасады.
Біз - Тайжан отбасы бұған өте қуаныштымыз, себебі Айнұр бәріміздің көңілімізден әбден шықты!
Иә, Франция президенті Эммануэль Макрон мырза оларды Эйфель мұнарасының маңайында кездейсоқ кездестіріп бірінші құттықтады», делінген Мұхтар Тайжанның жазбасында.
Айта кетейік, бұл бейнежазба бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге тараған еді. Жастармен тілдескен Макрон олардың қай елден келгенін сұрады.
Санжар Тайжан Қазақстаннан келгенін айтты. Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты танитынын, кездескенін тілге тиек етті.