Аймақтар • 13 Наурыз, 2024

Көкшетаудағы облыстық сот ғимаратынан өрт шықты

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сағат 19.55-те тұтанғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Көкшетаудағы облыстық сот ғимаратынан өрт шықты

Фото: gov.kz

«Көкшетау қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт болды. Қызыл жалын 40 шаршы метр аумақты қамтыды. Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД-ның 30 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы жіберілді», делінген хабарламада.

Жалын сағат 20:12-де оқшауланып, 20:30-да толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.