Қоғам • 13 Наурыз, 2024

Жоғарғы Сот «Альянс-Газ» ЖШС-нің құқығын қорғады

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Жоғарғы Сотта «Альянс-Газ» ЖШС-нің кассациялық шағымы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғарғы Сот «Альянс-Газ» ЖШС-нің құқығын қорғады

Фото: egov.kz

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы ЖШС-нің үстінен нысанды өз бетінше салған құрылыс деп тану, жауапкердің қаражаты есебінен автогазын толтыру стансасын бұзу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Бірінші сатыдағы сот нысанды рұқсатсыз салынған құрылыс деп тану талаптары бөлігінде іс жүргізуді тоқтатқан. Өйткені заңда мұндай мазмұндағы талап қоюларды қарау көзделмеген.

Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандыра отырып, сот Серіктестік АК-ның 244-бабының 1-тармағына сәйкес рұқсат етілмеген құрылысқа қатысты ғимарат құрылысының заңдылығын растайтын дәлелдемелерді ұсынбағанын негізге алған.

Сонымен қатар сот талап қоюшыға және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына қатысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы саласында өздеріне жүктелген функцияларды тиісінше орындамауына байланысты жеке ұйғарым шығарған.

Апелляциялық сатыдағы сот соттың қорытындыларымен және қабылданған сот шешімдерімен келіскен. Ал Жоғарғы Сот сот шешімдерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған. Осылайша «Альянс-Газ» ЖШС-нің өтінішхаты қанағаттандырылды. Бұл ЖШС 2016 жылғы 9 желтоқсандағы сатып алу-сату шарты негізінде жанармай құю станциясының иесі. Қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан 2019 жылдың қыркүйегінде жүргізілген тексеру барысында ЖШС қолданыстағы жанар-жағармай құю станциясының ғимаратында қайта жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Алайда бақылаушы орган рұқсат етілмеген құрылыс ретінде ғимаратты түгелдей сот арқылы бұзуды талап еткен. ЖШС-да құқық белгілейтін құжаттар болғандықтан үй-жайлар бұзылмайтын болды.

Серіктестік 600 мыңнан астам сомаға айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Істі қарау кезінде төрағалық етуші Н.К.Шәріпов ЖШС аталған жер телімінің иесі екенін атап өтті. 1999 жылдан бері жұмыс істеп тұрған жанар-жағармай құю бекеті өз шегінен шықпаған.