Ауа райы • 13 Наурыз, 2024

Қазақстанда күн райы күрт өзгереді

7829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 14,15, 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер Қазақстан аумағында ауа райы күрт суып, тек 16 наурызда жыли бастайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда күн райы күрт өзгереді

Фото: https:ult.kz

Ел территориясынан атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жауын-шашын күтілетіні болжанған.

14 наурызда елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады.

15 наурызда Түркістан, Жамбыл, Жетісу облысында қар жауады, осы күні түнде Алматы облысында қалың қар түседі. Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ болып, солтүстікте, шығыста және орталықта қарлы боран соғуы ықтимал.

«16 наурызда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жылиды. Сынап бағанасы Қазақстанның оңтүстік жартысында 5-13 градус, солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін көтеріледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.