Таным • 13 Наурыз, 2024

Ғасырлар ғиззаты

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ертедегі адамдар сезімін граффити мен хаттарға, құлпытастар мен жартастарға жазатын. Мұны тіпті «махаббат шифры» деп айтсақ та болады. Археологтер мен этнографтар тапқан Ежелгі Новгородтан бастап Осман империясы аралығындағы бізге жеткен ғашықтық хаттарына назар аударыңыз.

Ғасырлар ғиззаты

Үш мың жыл бұрын жа­зылған Ликиялық өлең бар. Авторы белгісіз. Оны ақын Файзулла Төлтай қазақ тіліне аударған. Іңкәрлікке толы өлең «Ға­сырыңнан мені іздеп таба алмасаң мұңайма, мен қол­данған заттарды көзің шалар қалайда» деп басталады. Археолог ғалымдар осы өлең сияқты ғасырларды еңсерген ғашықтық хаттарын тапқан. Мысалы, он ғасыр бұрын қа­йың қабығына жазылған махаббат хаттарының осы күнге дейін мыңнан астамы табылған. Соның бірінде «Мен саған үш рет хат жі­бердім. Сағынышымды жаздым. Алып-ұшып келер дедім. Тілеуіңді кімнен сұрайын?» деген өрнек тұр.

Роксолонаның Сүлеймен сұлтанға жазған нәзіктікке толы хатын қалай айтпай кетеміз? Ол көзінің ыстық жасы тиген хатына «Мен тәңірдің жаратқан дүниесінде жоғалған пендемін. Ғұмы­рымның көктемін асыл тастар қобдишасындағы меруерттей сіздің қорғауыңызда сүрдім. Тек сіздің қасыңызда ғана жан тыныштығын таптым», деп жазған.

Ал Помпей – ыстық ла­ва мен күл астында қал­ған қа­ла ретінде танымал. Жер­­гілікті тұрғындар қи­ранды қа­бырғаларына хат қашап түсірген. Негізгі та­қырыптар: саясат және ма­хаб­бат. Этно­графтар мы­на хат жауап­сыз қалған дейді: «Біз ба­қы­тымызды кешіктіріп, үмі­тімізді желге ұшырып, неге үнемі «ертең» деп айтамыз?». Айтпақшы, жоғарыда жазған Ликиялық өлеңнің соңы осы хатқа жауап бола алатын се­кілді: «Мың­­жылдықтар қақ­па­сын бұзып өтіп, біздегі – тым бол­маса қауышар қо­лы­мыз­дың іздері».

Археологтер тапқан ға­шықтық хаттары – осындай. Ал сіз оны өз жүрегіңізден ізде­ңіз.