Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстан әскерилері Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылайды.
«28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ҚР Қарулы күштерінің бітімгерлік контингентін «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясына салтанатты түрде шығарып салуға арналған іс-шара өтті», деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Салтанатты жиынға Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысты. Министр әскерилерге осы істе зор сенім артылып отырғанын айтып, абыройлы қызмет етуді тіледі.