Jibek Joly телеарнасындағы «Ораза қабыл болсын» бағдарламасына қонақ болған дін өкілінен көрермен «Оразада кейде 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деп. Осылай кешігіп бекітемін, бола бере ме?» деді.
«Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіз ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Сондықтан он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз», - деді имам.