Қоғам • 18 Наурыз, 2024

Мерекеде қосымша пойыз бен вагон жолға шығады

118 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көктемгі мереке күндері ұлттық тасымалдаушы қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар тасымалына сұ­ра­ныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі.

Мерекеде қосымша пойыз бен вагон жолға шығады

Фото: sputnik.kz

Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

№201/202 «Астана – Ал­маты» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Ас­та­надан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 нау­рызда сағат 17:20-да келеді. Кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;

№203/204 «Астана – Шым­кент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурыз­да сағат 22:52-де келеді. Кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнел­тіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;

№205/206 «Ақтөбе – Шым­кент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шым­­кентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді. Кері ба­ғытта Шымкенттен 21, 24 нау­рызда сағат 22:20-да жөнел­тіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша қосымша вагондар 7, 10, 20, 25 наурыз аралығында қатынайтын №45/46 «Павлодар – Түркістан» жолаушылар пойызына; 7, 11, 21, 25 наурыз аралығындағы №139/140 «Павлодар – Пресно­горьковская» жолаушылар пойызына; 7, 9, 21, 25 наурыз аралығындағы №354/353 «Астана – Семей» жолаушылар пойызына; 8, 10, 20, 24 нау­рыз аралығындағы №623/624 «Астана – Петропавл» жолаушылар пойызына  қосылады.

Батыс аймақ бойынша 7-25 наурыз аралығында қатынайтын №22/21 «Қызылорда – Семей», №24/23 «Ақтөбе – Алматы-1», №34/33 «Ақтөбе – Алматы-1», №37/38 «Маңғыстау – Семей», №47/48 «Атырау – Астана», №313/314 «Маңғыстау – Аты­рау», №614/613 «Орал – Маң­ғыстау», №692/691 «Ақтөбе – Атырау» жолаушылар пойызына қосымша вагондар тіркеледі.

Оңтүстік аймақ бойынша 7-26 наурыз аралығында қа­тынайтын №87/88 «Алматы –  Сарыағаш», №77/78 «Алматы – Маңғыстау», №351/352 «Ал­маты – Өскемен», №21/22 «Қызыл­орда – Семей» жолаушы­лар пойызына қосымша вагондар тіркеледі.

Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.