Елорда • 18 Наурыз, 2024

Астанада дін мамандарына арналған іс-шара өтті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыздың 11-12 күндері Астана қаласындағы «Marden» орталығының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және т.б. мамандары, имамдары, психологтары, теологтары қатысты.

Астанада дін мамандарына арналған іс-шара өтті

Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшесі, педагогика және психология маманы Туйганов Мырзабек Сардарбекович «Методы аргументации в противодействии деструктивным религиозным идеологиям» тақырыбында халық арасында деструктивті идеологияның енуіне қолайлы жағдай туғызатын негізгі себептер мен олардың таралуына қарсы әрекет ету бойынша шаралар туралы айтып кетті. Сонымен қатар «Формы и методы профилактики вовлечения молодёжи в деструктивные религиозные организации» тақырыбымен мамандарды жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру жолдарын үйретті.

Түсіндіру тобының тағы бір мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Қазақстанның дін саласындағы өзекті мәселелері» тақырыбымен республика аумағындағы діни ахуалдың тұрақсыз сипаты, кері ағымдар мен топтардың белсенділіктері мен ықпалы туралы айтып кетті. Сондай-ақ «Діни ахуал мониторингі: әдістері және жүргізу техникасы» тақырыбында қатысушыларға мониторинг пен талдау жұмыстарының негізгі қағидаттарын, мамандардың өз жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруы және жүргізуі, жазылған талдаулар мен ұсынымдардың сапасы, ең алдымен, ғылыми-теориялық тұрғыдан сауатты әзірленген әдіснамаға тәуелді екенін үйретті.

Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.