Қаржы • 19 Наурыз, 2024

Нарықта доллар қымбаттады

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,78 теңгеге көтеріліп, 451,08 теңге болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Нарықта доллар қымбаттады

Фото: ratel.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 62,53 теңгені (+0,14) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 489,69 теңгеге, рубльді 4,89 теңгеге белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449,9-451,9 теңгеге, еуро 489-493 теңгеге, ресей рублі 4,79-4,91 теңгеге сатылып жатыр.

Бұдан бөлек, 19 наурыздағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Мәіселен, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,26 долларға арзандап, 86,63 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне 0,24 долларға төмендеп, 82,48 долларды құрады.