Фото: sozmedia.kz
Мемлекеттік корпорация Наурыз мейрамына орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары наурыздың 21-і мен 25-і аралығында жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
«25 наурыз күні кезекшілер түскі сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызметін жалғастырады», делінген хабарламада.
Дәлірек айтқанда, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді, ал кезекшілер жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.