Пікір • 19 Наурыз, 2024

Темірқазығымыз – тұтастық

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлт руханиятының тұтастығы мен бірлігінің нығай­ға­нын қаламайтын қазақ жоқ. Бәріміздің көздегеніміз – өзара татулық, елдің өркендеуі.

Темірқазығымыз –  тұтастық

Алайда қоғамда қылаң беріп қалатын діни деструк­тив­ті ағымдардың тамырына балта шауып, жолына тосқауыл болу керек. Осы мәселені қолға алатын уақыт жетті. Мен бұл туралы ойымды бүркеп қалып жүргенім жоқ. Бұл кеселдің отыз жыл бойына қоғамға тигізген кесірі аз болмады. Ендігі кезекте елдікті, егемендікті ойлап, темірқазығымызға қол созатын кез келді. Бұған дейінгі ағаттығымызға көз жүгіртіп, одан сабақ алуымыз керек.

Сонымен қатар қоғамда руға бөлінушілік те байқа­ла­ды. Тіпті асқынып барады деуге болады. Біз ұлт­тық намыс емес, рулық на­мыс­тың деңгейіне түсіп, құлдырауға дейін кетіп барамыз. Ал шындығында ру не үшін қажет? Мұның сыры жақын ағайынды адам­дар­дың бір-біріне неке­лес­пеуі үшін, сондай-ақ, бір-бірімізді танып, туыстық жа­қындықты білдірту үшін қажет. Бұдан басқа түсі­нік қалыптастырып, қоп­сы­тудың түкке де қажеті жоқ. Осындай келеңсіз мәсе­ле­­лерге ты­йым салынуға тиіс. Сонда ғана ұлттық тұтастыққа қол жет­кі­зе­міз. Тұтас­тыққа жеткен мем­ле­кет­­тің болашағы жар­қын болады.

 

Светқали НҰРЖАН,

Ұлттық құрылтай мүшесі

Соңғы жаңалықтар

Аймақ ажарланып қалды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:50

Мал өсірсең, қой өсір...

Шаруашылық • Бүгін, 08:48

Заң уақыт сұранысына сай

Қоғам • Бүгін, 08:45