Пікір • 19 Наурыз, 2024

Өзара байланысты жетілдірген абзал

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» ұғымдарына қатысты салиқалы ой айтып, тың тапсырмалар жүктеді. Президенттің бастамасымен жаңашыл идеялар туындап отыр. Оның кейбірі идеологиялық тұрғыда жүзеге аса бастады. Алайда билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жетілдіре түсу керек.

Өзара байланысты жетілдірген абзал

Фото: nege.kz

Осы орайда күштік құры­лымдар мен құқық қорғау орган­да­рының қызметкерлері қоғам өкілдерінің пікірлерімен санасып, бірлесе жұмыс істеуі керек деп есептеймін. Өйткені «Билік. Қоғам. Диалог» деген үш маңызды ұстынды іске асыруды қолға алсақ, елді өр­кендету үшін тиімді тұстары бар. Бұл үшеуі сөз жүзінде ғана қал­мауы керек.

Әрине, бәрімізге ортақ, орын­далуы қажет заңдар бар. Қоғамның басым бөлігі Пре­зиденттің жүргізіп отырған әді­летті Қазақстан құру саясатын енді-енді түсініп, демократиялық қағидаттарды қол­дап жатқаны байқалады. Де­ген­мен қоғам бол­ған соң сыни пікірлер айтылады. Бұл – қалыпты жағдай. Бірақ бетке басар қиянаты болмаса да пікірін еркін білдіріп, қоғамға ой тастаған, әділдіктің үстемдік құруын қалайтын кейбір азаматтарды заң алдында жауапты етіп, сенделтіп қою фактілері бар. Бірақ олар да қолға алынған бағдарламалардың жүйелі түрде орындалып, елдің игілігі үшін жүзеге асқанын қалайды.

Сондықтан билік өкілдері халықпен жиі араласып тұруы қажет. Бұл жұмыстардың бір ізге түсуіне барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Мұны Прези­дент те талап етіп отыр.

 

Ермұрат БАПИ,

Парламент Мәжілісінің депутаты