Аймақтар • 20 Наурыз, 2024

Наурыз мерекесіне орай қаржылай жәрдемақы беріледі

3111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-22 наурызда Шымкентте қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсетеді. Мереке күндері қала тұрғындары мен қонақтары автобустарда тегін жүре алады, деп жазады Egemen.kz.

Наурыз мерекесіне орай қаржылай жәрдемақы беріледі

Фото: informburo.kz

Шымкент қалалық әкімдігі Наурыз мейрамына орай қалада мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды тасымалдайтынын хабарлады. 

Сондай-ақ әлеуметтің бірнеше тобына мерекелік бір реттік қаржы аударылады.

«Наурыз мерекесіне орай 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі», делінген Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.