Спорт • 20 Наурыз, 2024

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақ боксшылары 11 салмақ бойынша жұдырықтасады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан наурыздың 23-і күні басталып, бір аптаға созылатын «Ұлы жібек жолы» халықаралық турниріне Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақ боксшылары 11 салмақ бойынша жұдырықтасады

Фото: boxingkazakhstan

Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын байрақты бәсекеде боксшыларымыз 11 салмақ бойынша шаршы алаңға шығады:

48 келі: Теміртас Жүсіпов
51 келі: Дамир Әбдіқадыр
54 келі: Тимур Қабешов
60 елі: Талғат Сырымбетов
63,5 келі: Серік Теміржанов
67 келі: Бақтияр Смағұлов
71 келі: Дархан Дүйсебай
75 келі: Тимур Нұрсейітов
86 келі: Бекзат Таңатар
92 келі: Сағындық Тоғамбай
92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Жаттықтырушылар: Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов.