Мереке • 20 Наурыз, 2024

Ұлттық музейдегі Ұлыс күні

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақ­па­рат министрлігінің қол­дауымен Ұлттық музей ұжымы «Қоғамдық келі­сім» РММ-мен бірлесе отырып, «Наурыз – ел ұлық­таған ұлы күн» атты Наурыз мерекесіне орай кешенді іс-шара өткізді.

Ұлттық музейдегі Ұлыс күні

Ұлттық музейдің айтулы жобасына жылдағы дәстүр бо­йынша дипломатиялық кор­пус өкілдері, қоғам және өнер қай­раткерлері, ғалымдар қатысты. Ме­рекелік жиын көрісу дәстү­рінің театрландырылған кө­ріні­сімен басталып, Ұлттық му­зейдің жылдағы өткізетін тұсау кесу рәсіміне ұласты. Рә­сімге Аста­на қаласы әкім­дігінің маман­дан­дырылған балалар үйінің бал­дырғандары арнайы шақырылды.

Іс-шара бары­сында Нау­рыз мерекесіне ар­налған көр­ме ашылды. Көр­меге қазақ хал­қының дәстүрлі жиһаздарының әдемі үлгілері – қолдан жасал­ған сандықтар, тұскиіз және түскестелер қо­йыл­ған. Одан бөлек келген қонақтар назарына түркі халықтарының ұлттық киім үлгілерінен дефиле ұсы­ны­лып, қазақ, әзербайжан, баш­құрт, күрд, қарақалпақ, қыр­­ғыз, ұйғыр, өзбек, татар ха­лық­тарының киімдері таныс­тырылды. Музей алаңындағы Консервация және реставра­ция бөлімі қызметкерлері мен этно­мәдени бірлестіктер қол­өнер шеберлерінің түркі халықтарының ұлттық қол­данбалы өнері мен материал­ды мәдениетіне қатысты ұйымдастырған керемет көрмесі де көп көңілінен шықты.

«Бүгінгі кең көлемде ұйым­дас­тырылып отырған іс-ша­раның негізгі мақсаты – түркі халықтарының мәдениетін, соның ішінде дәстүрі мен өнерін паш ету, ұлттар арасындағы мәдени бірегейлігін айқындай отырып, этномәдени мұраны сақтау мен тарату, өскелең ұр­паққа бай дәстүріміз бен мұ­рамызды жеткізу. «Нау­рыз­нама» деп аталатын онкүндіктің де түп­кі мақсаты осы», деп атап өтті Мә­дениет және ақпарат министрлігі Мә­дениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев.

Келген қонақтар музей фойе­сінде бесасық, тоғызқұмалақ, бес­темше, ләңгі сынды ұлттық ойындар ойнап, мәре-сәре болды. Іс-шара соңында Наурыздың шашуы шашылып, көрермендер түркі халықтарының ұлттық өнерін тамашалап, ән мен күйге жан суарды.