Ауа райы • 21 Наурыз, 2024

21 наурызға арналған ауа райы болжамы

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 наурызға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөз

Мәселен, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, түнде оңтүстік-батыста, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы облыстарда жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады.

Бірақ еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауы өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, шығыста және орталықта көктайғақ болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.