Президент • 21 Наурыз, 2024

Мемлекет басшысы жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айтты

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткері Медеу Сәрсекенің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жазушы Медеу Сәрсекенің отбасына көңіл айтты

Фото: уикипедия

«Медеу Сапаұлы кемеңгер жазушы ретінде талғамы жоғары оқырманның ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының сүрлеуін салған қаламгер ғылымның мүмкіндігін өрнекті сөзбен кестелеп жеткізе білді. Соңына бай рухани және әдеби мұра қалдырған Медеу Сапаұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», деп жазылған жеделхатта.