Спорт • 22 Наурыз, 2024

Грекия-Қазақстан кездесуінің бірінші жартысы жеңіліспен аяқталды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Афиныда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалындағы Грекия мен Қазақстан матчының бірінші жартысы аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекия-Қазақстан кездесуінің бірінші жартысы жеңіліспен аяқталды

Бірінші таймда гректер 4:0 есебімен жеңіске жетті. 9-минутта Анастасиос Бакетас пенальти, 15-минутта Димитриос Пелькас, 37-минутта Фотис Иоаннидис командасының үшінші голын соқты, 40-минутта Димитрис Курбелис гол соқты. 

Қазақстан құрамасы бұл ойынға келесі құраммен шықты: Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Каиров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородов.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасының финалында Грекия-Қазақстан кездесуінің жеңімпазы Люксембург құрамасын 2:0 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі. 

Финалдық матчтың жеңімпазы 2024 жылы Германияда өтетін футболдан Еуропа чемпионатына қатысу құқығын алады.