Бокс • 26 Наурыз, 2024

«Өзбек боксшысынан жеңісті жұлып алды». Бекзат Таңатар жартылай финалға шықты

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде басталған халықаралық турнирдің екінші күнінде отандасымыз Бекзат Таңатар өзбек боксшысы Самандар Джалоловтан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.

«Өзбек боксшысынан жеңісті жұлып алды». Бекзат Таңатар жартылай финалға шықты

Фото: sports.kz

Ұлы Жібек жолы - 2024 халықаралық бокс бәсекесінде 25 наурыз күні 3 ел спортшысы шаршы алаңға шықты. 

Кеше сынға түскен жерлестеріміздің барлығының мерейі үстем болды. 

Алғаш болып шаршы алаңға шыққан 60 келі салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген Талғат Сырымбетов Венгриялық Марк Адольф Балоқты қапы қалдырса, 70 келіде Дархан Дүйсебай жарыс қожайынынан айласын асырды.

«Ал 86 келі салмақ дәрежесінде Бекзат Таңатар аса тартысты өткен жекпе-жекте Өзбекстанның тәжірибелі боксшысы Самандар Джалоловтан жеңісті жұлып алды. Өте қарқынды өткен айқаста екеуі де аянып қалған жоқ. Бірақ жеңіске деген құштарлығы басым болған жерлесіміз нағыз панчерлік бокс үлгісін көрсетті», деп жазды Қазақстан бокс федерациясы.