Қоғам • 26 Наурыз, 2024

«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолында су тасқыны болды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 12:00 шамасында республикалық маңызы бар «Қалбатау-Майқапшағай» тас жолының 1113 шақырымы тұсында қар еріп, айналма жолда су тасқыны болды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

«Қалбатау-Майқапшағай» тас жолында су тасқыны болды

Фото: «ҚазАвтоЖол»

Тасқын су көлемі 300 метрді, биіктігі 5-10 см құрап отыр, учаскеде су құбыры қарастырылған.

Қазіргі уақытта айналма жолды еріген қардан тазарту мақсатында қосымша құбырларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су тасқынын жоюға 10 жол жұмысшысы және 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Аталған учаскеде көпір құрылысына байланысты қозғалыс тоқтатылды.