Қоғам • 26 Наурыз, 2024

Мектеп оқушылары сала басшысымен бірге домбыра тартты

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мере­кесіне орай Оқу-ағарту минис­трлігінің ұйымдас­­тыруымен еліміздегі барлық білім ошағында «Күй күмбірі» рес­пуб­ликалық чел­ленд­жі өтті. Оған балабақша бүлдір­шіндерінен бастап, мектеп оқушылары мен студенттерге дейін барлығы – 2 мил­лионға жуық бала қатысты. Жас өнерпаздар бір уа­қытта белгілі композиторлар мен ха­лық күйлерін орындады.

Мектеп оқушылары сала басшысымен бірге домбыра тартты

Ауқымды республикалық мәдени іс-шара Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен алғаш рет былтыр Наурыз мерекесі қарсаңында өткізілген болатын. Содан бері елімізде домбыра үйірмелерінің саны 5 есе артқан. Бүгінде барлығы 2 мың үйірме жұмыс істеп, 100 мыңнан аса оқушы домбыра үйреніп жүр. Биылғы акцияға үйірмеге қатысатын жас домбырашылардың бәрі дерлік қатысты.

«Көнеден келе жатқан бұл ұлттық аспабымыз хал­қы­мыздың жанын, оның дәс­түрі мен мәдениетін әспет­тейді. Ұлттың рухын көте­ріп, даңқын асқақтатқан қара домбыра біздің баға жетпес байлығымыз бен ұлттық символымызға айналды. Балабақшалардағы кішкентай бүлдіршіндер, оқу­шыларымыз, колледж сту­денттері ұлттық аспапта ойнау­ға қызығушылық танытатыны қуантады. Бүгінде еліміздің әр өңірінде бір уақытта бел­гілі композиторлардың күй­лері мен шығармалары орын­­­далды. Дәулескер күй­ші­­ле­ріміздің өшпес туын­ды­ла­ры арқылы біздің мәде­ни құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Біздің жас буын осы киелі өнерді ұлықтауды лайықты түрде жалғастырады деп сенемін», деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Ел астанасындағы Райым­бек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі­нің 300 оқушысымен бірге Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халық күйі «Келін­шекті» орындады.

Мерекелік эстафетаға елі­міз бойынша екі миллионға жуық бала қатысты. Олардың ең кішкентай – Абай облысы, Семей қаласындағы «Бақыт» балабақшасының тәрбиеленушілері.

Челленджге қатысушыларға арнаған сөзінде сала басшысы бұл іс-шара былтыр қабыл­данған «Біртұтас тәрбие бағ­дар­ламасы» шеңберінде ұйым­дастырылғанын атап өтті. Жал­пы­адамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа бағдарлама аясында күні кеше мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Хантала­пай» атты ұлттық ойындардың республикалық байқауы да өт­кен болатын. 350 мыңнан ас­­там бала қатысқан іс-ша­ра ұлт­тық ойындарға деген қызығу­шылықты ояту, хал­қымыздың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатын көздеп отыр.