Өнер • 26 Наурыз, 2024

Көңілдің көктем әуені

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыс күніне орай Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының халық аспаптар ансамблі «Әз Наурыз келгенде...» атты мерекелік концертін тарту етті. Ансамбльдің дирижері әрі көркемдік жетекшісі – Мәдениет саласының үздігі Маралжан Мырзақұлова.

Көңілдің көктем әуені

Ән-күй думанында жаңа ба­ғытта өңделген халық және халық композиторларының туын­дылары, сондай-ақ ансамбль мүшелерінің авторлық шығар­малары орындалды. Ал олардың театр актерлерімен жасаған шоу-коллаборациясы көрермен көңіліне ерекше әсер қалдырды.

Дирижер М. Мырзақұлованың айтуынша, әлемдік сахнадағы тәжірибесі мен жетістіктігінің арқасында ансамбль әр концер­тіне жаңаша мазмұн мен соны сипат беруге тырысып келеді. «Ұжымның құрылғанына үш-ақ жылдың бедері болды. Алай­да осы қысқа уақыт ішінде ансамбль бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Ұжымның Орта Азияны, қала берді Еуропаны бабалар сазымен әуелеткені – біз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Ансамбль дәстүрлі ән-күйлер­мен қатар, қазіргі заман ком­позиторларының шығарма­ла­рына да баса назар аударады. Оның ішінде ұжымдағы автор­лардың туындылары көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленіп келеді», дейді ол.

Расында солай. Көрерменнің күннен-күнге артып келе жатқан қарасын көріп, ансамбльдің тұрақ­ты әрі жеке аудиториясы қалып­тасқанын баса айта аламыз.