Елорда • 27 Наурыз, 2024

Астана су тасқынына дайын ба?

85 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының басшысы Бақытжан Мәуленбердиев жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана су тасқынына дайын ба?

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Оның айтуынша, 2023 жылдың қыркүйегінде қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелері комиссиялық тексерістен өтті, 20 учаске бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді. 1 ақпаннан бастап бұл жұмыс қайта жалғасты.

Айта кетсек, қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды, тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 120 рейд жүргізілді.

«Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер қаладан 6,5 млн текше метрден астам қар шығарды, 55 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 9 мыңнан астам метр коллекторлар, 2 мың дана жаңбыр қабылдау құдығы тазартылды, 6 мың сызықтық метр құбырлар буланды. «Астана Тазалық» базасында көлемі 2,5 мың (2213 текше метр) текше метр құм және ағаш (135 м3) инертті материалдар қоры дайындалды, тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды (9 800 м3 құм және 1 943 м3 ағаш) жеткізу туралы келісімшарт бар», деді Бақытжан Мәуленбердиев.

а

Су тасқыны деректеріне уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 599 адамынан, 156 бірлік техникадан, 65 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.

Осы орайда ТЖ департаменті төменде көрсетілген қауіпсіздік шараларын еске салды:

  • үй маңындағы аумақтан көшенің жол бойындағы бөлігіне қарды уақтылы тазалау;
  • үйден ағынды суларға немесе су өткізгіш құбырларға су бұрғыштар орнату;
  • су сорғыштарды: тұрмыстық электр сорғылары, шелектер, күректерді және т.б. алдын ала қарастыру;
  • су басқан жағдайда iKomek қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына «109» нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.