Төтенше жағдай • 28 Наурыз, 2024

Аягөз ауданындағы төтенше жағдай

128 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Күн жылынғалы Абай облысының бірқатар ауданында қарғын су қаупі төніп тұрғаны жасырын емес. Бұған дейін алдын алу жұ­мыс­тары жүргізілгенімен, тілсіз жау­дың қай тұстан соққы берері белгісіз еді.

Аягөз ауданындағы төтенше жағдай

Фото: semeytany.kz

Төтенше жағдай депар­таментінің өкілдері алдын ала тұрғындарға түсіндіру жұ­мыстарын жүргізіп, өзен­дер мен бұлақтардың ар­на­­­сын тазалау керектігін ес­керт­кен. Бородулиха ауда­нының Красный Яр ауы­лының іргесіндегі Үбі өзе­нінде мұз кептелістерінің алдын алу үшін жарылыс жұ­мыс­тары да жүргізілді. Семей қаласының ішіндегі қар шығарылып, су басу­дың алдын алған. Дейтұр­ғанмен, бірқатар ауданда өзендер арнасынан шығып, жолаушыларға кедергі бол­ған. Әсіресе Аягөз ауданы­ның тұрғындары мен билік өкілдерін әбігерге салды. Аягөз – Бозай тас­жолының 20 шақырымында аядай ғана Аягөз өзені арнасынан асып, көпірдің бір қабат төсе­мін шайып кеткен. Тіл­сіз жаудың салдарынан Аягөз ауданының әкімдігі жер­гілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. Қазіргі уақытта көпір арқылы көлік қатынасы тоқтатылған. Со­ны­мен қатар басқа айналма көлік жолдары арқылы елді мекенмен байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Поли­ция департаментінің қыз­меткерлері шектеу бел­гілерін қойып, кезекшілік ұйымдастырды. Ал тұрғын­дарды Аягөз өзені арқы­лы өткізу үшін ТЖД қыз­мет­керлері жұмылдырылды. Олар қажет болған жағдайда жүзу құралдарының көмегі­мен өткелдің қызметін ат­қарады.

Өзге өңірлермен салыс­тырғанда, Аягөз ауданына қар жұқа түскенімен қауіп аз емес. Арқаны кең­ге салуға болмайтын сияқ­ты. Естеріңізге салсақ, жуық­та арнасынан асып-тасып жатқан Аягөз өзенінен өтпек болған үш жігіт суға кеткен деген болжам бар. 23 нау­рыз күні оқиға орнына Абай облысының ТЖД жедел-құтқару жасағы­ның қызметкерлері дереу жі­берілген. Суға кеткен аза­­мат­тардың бірі 1977 жы­лы туған ер адам Аягөз өзе­нінен өтпекші болған кезде аттан құлаған секілді. Ер адам атпен өзі жұмыс атқа­ратын «Шығыс» шар­уа қожалығына бармақшы болған. Сонымен қатар 26 нау­рыздан бастап 1957 және 1985 жылы туған тағы екі азаматты іздестіру жүр­гізіліп жатыр. Олар «МТЗ 82» маркалы тракторда Бор­лы өзенінен өту кезінде суда жоғалып кет­кен. Олар «Шалқар» қосал­қы шаруа­шылығынан Қара­ғаш ауылына қарай жолға шыққан. Жолда ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпекші болған. Алайда олар өзеннің ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқару­шылар адамдарды таппады.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысының ТЖД, полиция департаменті, ЖАО, ӘБ күштері мен құралдары барлығы 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 бірлік техника, 3 пи­лотсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар есебінен азаматтар жұмылдырылды. Аягөз ауданына адамдарға психологиялық көмек көр­се­ту мақсатында ТЖД пси­хо­логтері де оқиға орнына жіберілді.

Су айдындарының көк­темгі ластануына байланыс­ты сүңгуірлердің көмегімен іздеу жұмыстары өзендердің ағу жылдамдығымен және су астынының көрінуінің нашарлығымен қиындады. 27 наурызда сағат 04.00-ден бастап іздестіру-құтқару жұ­мыстары қайта жандандырылды, жұмыстар 26 нау­рызда қараңғы түсуіне байланысты тоқтатылған еді.

Көктемгі тасқын кезін­де аса абай болған жөн. Жаздың күні жылап ағатын бұлақтардың өзі бұл уақыт­та бұлқынып, мінез шыға­ратынын есте ұстау керек секілді.

 

Абай облысы